Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Адрес: 090606 Западно-Казахстанская область, Зеленовский район, пос. Кушум, ул. Школьная,1. 

Телефоны:         8 7113 092 7618 7113 092 761

 
 

Гайнеденова Г.

6 сынып  Ежелгі Қазақстан тарихы,  күні:

Сабақтың тақырыбы                 Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан

Сабақтың  жалпы мақсаты      1.Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан туралы жалпы мәлімет бере алады

2.Шығыс Қазақстанның географиялық орналасқан жері және табиғат жағдайы мен ежелгі тұрғындары

3..Шілікті патша қорғандары мен берел қорымдарының құрылысындағы айырмашылықты түсініп ,орналасқан жерлерін көрсете алады

4. Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық және Шығыс Қазақстанның мәдениетін ажырата алады.

Әдіс-тәсілдерСТО, диалог ,Оқу үшін бағалау,жиынтық бағалау, топтық жұмыс

Күтілетін нәтижесі           «Қазымыр оқушы»оқытып үйрету ойыны арқылы Ш.Қазақстанның табиғат ерекшеліктерімен халықының этностық құрамы туралы біраз мәлімет алады .

Топ мәтінді талдау барысында тақырыпты меңгереді.

Басқа топқа тақырыпты түсіндіру арқылы тарихи білімдерін жетілдіреді.

Тақырыпты меңгеру деңгейін тексереді.

Білімдері қорытындыланады.

№       Уа-қыт          Мұғалімнің іс-әрекеті    Оқушының іс-әрекеті    Дерек көздер,  көрнекілік-тер

1         10 мин        

Топқабөлу. Кампитпен топқа бөлу

Үйтапсырмасын сұрау : Кластер құрау  арқылы.(дизайнын, мазмұнын, қорғауын бағалау парағы арқылы бағалау.

            Оқушылар кампиттерді таңдау бойынша топқа бөлінедіТүрткі сөздерге, үйде оқыған мәліметтері бойынша кластер құрастырып топ қорғап шығады

Топтар бір-бірін бағалайды  дизайн,мазмұны,қорғауын бағалау парағы арқылы бағалайды.

2         1 мин            Жана сабақтың тақырыбын фильмнен үзінді көрсету арқылы анықтайды.

            Балалар бүгінгі өтетін жасырылған тақырыпты тауып алады, мақсатын толықтырады.           

3         3 мин            Жаңа тақырып бойынша электронды оқулықтан мәлімет беру.

            Электрондық оқулықтан өтетін тақырып бойынша негізгі түсінік алады.                                            

4         5 мин            «Қазымыр оқушы»оқытып үйрету ойыны          Оқушылар Шығыс Қазақстанның табиғат жағдайы мен халқы  туралы мәтінді оқып шығады сосын сұрақтар құрады.Кім сұрақ көп құрса сол жеңіске жетеді,сосын оқушылар  кезегімен басқаларына сұрақтар қояды,ал олар қысқа жауаптар қайтарады.Жауап берушіні жүргізуші көрсетеді.Сонан соң ең  қызымыр оқушыны анықтаймыз.

5         10 мин         «Білім биржасы »

Оқыта үйрету ойыны

Сары:

1.Шығыс Қазақстандағы күретамыр су жүйесі?

2.Шығыс Қазақстан аумағында орналасқан таулар мен жоталарды анықта?

3.Шығыс Қазақстанның орталық тұсын анықтаңдар?

4.Патша қорғандары шоғырланған аудан?

5.Патша қорғандары көп шоғырланған жері?

6.51 оба қай қорымда шоғырланған анықта?

7.Алып қорғандардың көлемін анықта

Қызыл:

1.Алтын қорған обасы қай жылы зертелген?

2.Алтын қорған обасының құрлысын толық сипаттап бер?

3.Алтын қорған обасына кімдер жерленген?

4.Алтын қорған обасынан қандай тарихи жәдігерлер табылған?

5.Алтын қорған обасының  салынған уақыты?

6.Зайсан ауданында сақ заманынан қалған обалар саны ?

7.№1 обаны ашқан зерттеуші кім?

8.№1 оба қай ғасырға жатады?

Жасыл:

1.№1 обаны сипаттап бер?

2.Сақ заманында биліктің белгісі болып саналған зат?

3.Қазақстан жеріндегі сақтардың патшалары, батырлары , атақта ақсүйектері жерленген қорымдарды атап өт?

4.500 астам алтын қаптырма – түймешіктер табылған қорым?

5.Берел кезені қай ғасырларға жатады?

6.Берел қорымын толық сипаттап бер

7.Берел қорымдарындағы №11 обаны толық сипаттап бер?        Тақтаға конверттер ілінеді, оларда әр-түрлі деңгейдегі тапсырмалар(5-ке,4-ке,3-ке) бар.Әр оқушы мүмкіндігіне байланысты тапсырманы алып жауап береді.Жауаптар акциялармен бағаланады. «Акциялар»  толық емес жауап сары түсті  акция,дұрыс бірақ кеңінен ашылмаған ашылмаған жауап қызыл түсті,дұрыс негізделген жауап –жасыл түсті акция.

            А4 парақшалары

6         6 мин            «Мәтін бөліктері» оқыта үйрету ойыны

«Мәдениет» тақырыпшасы    Оқушылар 2- топта отырып мәтінді оқып шығып,мәтінді әңгімелейді 1-топ «негізгі ой» 2-ші топ «Толықтыру» толықтырып отырады ойыннан кейін мәтінді тағы бір қарап шығып , берілген ақпаратпен салыстырамыз, қай топтың неғұрлым нақты айтқаның салыстырамыз.     

7         5 мин            «Кубизм» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап беріп,  сабақты қорытындылау.

            Бекіту сұрақтарына жауап береді.  

8         3 мин            «Сендвич  әдісі» бойынша бірін-бірі бағалайды.

Сабақты оқушылар қалай түсінгенің,көңіл- күйлерін ағашқа  тілек жазу арқылы бағалайды.

 

Оқушыларды бағалау

            Топтар бір- біріне  ауызша «позитивті ұсыныс,не ұнады», «конструтивті сын,нені жақсарту керек және оны қалай жақсарту керек» , «позитивті ұсыныс:маған ұнады бірақ келесіде....» айтады.

            9         2 мин            Үйге тапсырмасы: Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан,жұмыс дәптері1,2,3,4 тапсырма.

 

 

 

 

                       

 

 

 

 
Объявление от Asia.kz:
Создайте себе сайт-визитку бесплатно!

Конструктор сайтов и интернет - магазинов в казахстане

 
 
Ақпарат

 «Көшім ЖОББМ-балабақша» КММ-нің

Бәйтерек аудандық білім бөлімінен

берілген планшеттерді

оқушыларға бөлу жөніндегі

комиссия отырысының

 

 

Күні: 12.10.2020

 

Хаттамасы

 

Күн тәртібінде: Көшім ЖОББМ-балабақшасының  Бәйтерек аудандық білім бөлімінен берілген планшеттерді мектептің әлеуметтік қорғалмаған отбасыларының оқушыларына  бөліп беру.

 

Тыңдалды:

 

1. Әлеуметтік педагог Умирова А.М.: Сәлеметсіздер ме, құрметті комиссия мүшелері. Бүгінгі жиналып отырған мәселе қашықтықтықтан оқытуға байланысты Бәйтерек аудандық білім бөлімінен берілген 5 планшеттерді мектебіміздің әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларына үлестіріп беру. Қазіргі таңда 5  отбасының 5 оқушысы осы жанатқа жатады. Бұл тізім алдарыңызда көрстілген. Осы оқушылардың ішінен саралап, қажеттіліктерін ескеріп, отбасы жағдайына қарап 5 оқушыға планшеттерді бөліп беруіміз қажет.

2. Есенғалиева Н.Т. тәрбие ісі жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі: Мына тізімде ең алдымен көпбалалы оқушыларды қарастыру керек деп ойлаймын. Мысалы, Берік Дильназ, Нұрғали Аружамал осы оқушыларды ұсынғым келеді. Мен  көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларды ұсынар едім.

3. Пухова С.Г., кәсіподақ төрағасы: Иә, менде қосыламын. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасы балалары Майский Владимир мен Мәлік Аманды бұл тізімге қосар едім. Себебі бұл оқушылардың екі ата-анасы да жұмыс істемейді. Осы аталған оқушыларға да берілсе деп ұсынамын.

4. Сапарова А., ата-аналар комитетінің төрағасы: Осы тізімге 8-сынып оқушысы Ермуханбетов Адильханды да қоссақ дегім келеді. Жалғыз басты ана, бір ұл бала мен бір қызы бар. Көшім амбулаториясыңда жұмыс істейді.

5. Әлеуметтік педагог Умирова А. М.: Аталған оқушылардың әлеуметтік жағдайына толықтай сипаттама беріп өтетін болсам:

 

Оқушылардың аты-жөні

Сыныбы

Ата-анасының аты

Санаты

1

Берік Дильназ Қобландықызы

Медеуова Айгуль Калеловна

көп балалы отбасы

2

Нұрғали Аружамал Арыстанбекқызы

Сакипова Алия

көп балалы отбасы

3

Майский Владимир Александрович

Майская Татьяна

аз қамтылған отбасы

4

Мәлік Аман Ержанұлы

Давлетова Шолпан

аз қамтылған отбасы

5

Ермуханбетов Адильхан Сертанович

Билялова Алмагуль

аз қамтылған отбасы

 

 

Шешім:

  1. Мектеміздің әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан 5 отбасына планшеттер берілсін. Олар: Берік Дильназ, Нұрғали Аружамал, Майский Владимир, Мәлік Аман, және Ермуханбетов Адильхан.
  2. Ата-аналармен келісім-шарт пен акт жасап, оқушыларға беру керек.

 

 

 

 Комиссия төрағасы:                             Есенғалиева Н.Т.

Комиссия мүшелері:                             Пухова С. Г.

                                                                Сапарова А.

                      Хатшы:                             Умирова А. М.

 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
Реклама от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы  

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам
 

westlan.kz  
 
 
 
 
 
Пожаловаться на сайт