Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Адрес: 090606 Западно-Казахстанская область, Зеленовский район, пос. Кушум, ул. Школьная,1. 

Телефоны:         8 7113 092 7618 7113 092 761

 
 

Сагынгалиева М.С.

Зеленов ауданы Көшім ауылы Көшім ЖОББМ-балабақшасы

Пән мұғалімі: Сагынгалиева Маркиза Сибатовна 

Тақырыбы:   Тәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығым

Мақсаты:   Жас ұрпақты елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын    құрметтеуге үйрету, адамгершілік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру арқылы Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеу мақсатында өткізіледі. Отан, туған ел, туған тіл туралы өлеңдер айту.

Көрнекілігі:  Суреттер, шиырмалар, плакаттар

Сабақ барысы:
              Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалады.

І жүргізуші: Қанат

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі – 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Қанша жыл, қанша ғасыр өтседе үмытылмайтын оқиғалар болды. Соның бірі 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі ғаламат тарихи оқиғалардың бірі.

ІІ жүргізуші: Айшат

1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілік сағат 10-да бар жоғы 18 минуттың ішінде елді абыроймен басқарып келген Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев қызметтен босатылып, орнына Геннадий Колбин    ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.

І ж. Қанат

Бұл шешімге наразы болған жастардың талап-тілегі «Әр халыққа – өз көсемі!» , «Ұлттар өзін-өзі билесін!» еді.

ІІж. Айшат

Алаңға жиналған жастарды «ұрда жық» жазалаушылардың күшімен қан жоса қылып жазалап, түрмеге отырғызды.

І ж. Қанат

Желтоқсан – 86, ызғарлы күн

Мұз бен қар жылжығандай құздан бүгін.

Өттің де астан- кестең  ойда жоқта

Артыңда ұмытылмас із қалдырдың-   Ақұштап Бақтыгереева апамыз жырлағандай Желтоқсан бастауы ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі. 16 желтоқсан.  Бұл ерлік пен өрліктік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы қасіретті күн еді.

ІІ ж. Айшат

Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ләззат, Ербол сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күн еді. Ендеше осы желтоқсан құрбандарын 1 минут еске алайық.

Манас:

Желкеге тиді сілтінген күрек, қамшылар,

Соққыға мұндай қосапқа қандай жан шыдар.

Жастарға шашқан судан  мұз шашырап,

Ауылда жатқан мағанда тиді тамшылар.

Мирас:

Иттерін қосып жендеттер есер қабаған,

Ай-ару апаларды талаған,

Құрбаны болып өміршіл өктем жүйенің

Нашақор болып кетті-ау  сан адам.

 

Айдан:

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы

Кеткен де жоқ құлақтан зар басылып

Бұғаудағы боздақтар кете барды,

 Бірі атылып, біреу дарға асылып.

Аягөз:

Намысымның шырағыда Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынады да Желтоқсан.

Жігіттіктің ұраны да Желтоқсан,

Жаңа күннің шырағыда да Желтоқсан.

Мерхат:

Жауыздықты жасқаған да Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастағанда Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастағанда Желтоқсан.

ІІ ж. Айшат:

Желтоқсанның ызғар-ай

Кірпікке қатқан мұздар-ай

Елім-ай деп егілген

Қаһарман ұлдар, қыздар-ай.  

Маканов Әлидің орындауында ән «Желтоқсан желі».

 

І ж. Қанат

Тарихта «Құйын -86» деген атпен желтоқсан оқиғасы мәңгі қалды. Бұл жойқын шабуыл қазақ қыздары мен жігіттерін біздің арамыздан алып кете барды.

ІІ ж. Айшат

Арада 4 жыл өткен соң 1990 жылы 17 желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта оқиғасын зерттеу комиссиясының төрағасы Мұхтар Шаханов жастарға арнаған жалынды өлеңін жазды. 17 желтоқсан Республиканы жаңарту күні деп жариаланды.

Айдан:

1991 жылғы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың президенті етіп сайлады, ал 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады.

Аягөз:

1992 жылы Қазақстан біріккен ұлттар ұйымына мүше болды. Және де осы жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Мемлекеттік Жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.

Мерхат:

1993 жылғы қарашаның 15-і күні ұлттық валюта - теңге енгізілді.

Манас:

1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конститутциясы бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл дәрежесін алды.

Мирас:

Ақмола 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстанның Астанасы деп жарияланды. 1998 жылдың 6 маусымында оған Астана деген ат берілді.

Асылан:

2010 жылы Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ –на төрағалық етті.

Мирас:

Тәуелсіз елдің шуағы

Аруақтардың шырағы

Мәңгі өшпей жалындап

Шапағын шашып тұрады.

Аягөз:

Тәуелсіздік бабалардың ұраны

Бейуақытта бойға таққан тұмары

Тәуелсіздік түнектерде тұншығып

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

Асылан:

Армысыздар айналайын адамдар

Айналаңа шын қуанып қараңдар

Тәуелсіздік алдық біз

Келді кезек болашақты бағамдар. 

Манас:

Тәуелсізбін жар саламын әлемге

Қазақстан тәуелсіз деп бар елге,

Отаным дәуірлейді болашақта,

Ел үмітін ақтайтын халқы барда.

Мерхат:

Көк туым көтерілді бағым жанып

Елтаңбам төрде тұр әлемге танымалы

Шырқадым әнұранды бар дауыспен.

Мирас:

Көптен күткен көк байрақ желбіреді.

Күннің көзі көктемдей елжіреді.

Мұнан ыстық жалын-от бар ма, сірә.

Отан - әнмен жүрегім тербеледі.

Аягөз:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

 

ІІ ж. Айшат

Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным,

Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным.

Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы,

Тәуелсіздік – ақ батасы атаның.

6 сынып оқкшыларының орындауында ән: «Қазақстаным»

І ж. Қанат

Қазақстан – менің асыл аймағым,

Қуантады күнге құшақ жайғаның

Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқырап.

 

Би «Үкілі ару» Орындайтын Қабибуллина Ақырыс

 

І І ж. Айшат:

Ақ Ордам менің Астанам

Еңсесі биік басқадан

Көркейеді күн санап,

Арқа төсі жас қалам

Бку Алтынайдың орындауында ән «Астана».

ІІж: Айшат

  Көк байрақ! Киелі  сен тұғырдасың

  Ғасырлар жасай берер-ғұмырдасың.

  Деп тілер дауылпаз үн жас ұрпағың,                        

  Тәуелсіздік туым тек, жығылмасын!

Ән: «Көк туым» орындайтын Маканов Әлішер

Қанат:

Тәуелсіздік, тәуелсіздік жыр әнім,

Ел іргесі берік болсын – ұраным.

Тәуелсіздік – өзіңді еркін сезіну.

Салт – дәстүрім қолдан түспес құралым

6 сынып оқушыларының орындауында би: «Қара Жорға».

ІІ ж.  Айшат

Туған жер, алтын бесігім,

Тербеттің мені төсіңде

Жүреді сенің есімің

Мәңгі де бақи есімде

Қанаттың орындауында ән: «Үш қоңыр».

І ж. Қанат

  Тәуелсіздік туы бекем тұр Елім

  Жұмыр әлем жұдырықтай жүрегім

  Жайна-жайна Қазақстан жаңа өмір

  Адамзаттың бақыты сен деп білемін.

Қазақ биі, 7 сынып оқушылары

ІІ ж. Айшат

Тәуелсізбін, тәуелсізбін мен бүгін

Келді міне азаттығым, теңдігім

Бостандықта байлығым мен елдігім

Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім.

Ән: «Қазақ елі» орындайтын Қабибуллина Ақырыс

Қанат:

Дүбірлетсін өңірді

Дүбірлесін дүлдүлі

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын бұл күні!

Айшат:

Осымен «Тәуелсіздік ата – баба арманы, ұрпақ үшін мақтаныш» атты мерекеміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
 
Ақпарат

 «Көшім ЖОББМ-балабақша» КММ-нің

Бәйтерек аудандық білім бөлімінен

берілген планшеттерді

оқушыларға бөлу жөніндегі

комиссия отырысының

 

 

Күні: 12.10.2020

 

Хаттамасы

 

Күн тәртібінде: Көшім ЖОББМ-балабақшасының  Бәйтерек аудандық білім бөлімінен берілген планшеттерді мектептің әлеуметтік қорғалмаған отбасыларының оқушыларына  бөліп беру.

 

Тыңдалды:

 

1. Әлеуметтік педагог Умирова А.М.: Сәлеметсіздер ме, құрметті комиссия мүшелері. Бүгінгі жиналып отырған мәселе қашықтықтықтан оқытуға байланысты Бәйтерек аудандық білім бөлімінен берілген 5 планшеттерді мектебіміздің әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларына үлестіріп беру. Қазіргі таңда 5  отбасының 5 оқушысы осы жанатқа жатады. Бұл тізім алдарыңызда көрстілген. Осы оқушылардың ішінен саралап, қажеттіліктерін ескеріп, отбасы жағдайына қарап 5 оқушыға планшеттерді бөліп беруіміз қажет.

2. Есенғалиева Н.Т. тәрбие ісі жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі: Мына тізімде ең алдымен көпбалалы оқушыларды қарастыру керек деп ойлаймын. Мысалы, Берік Дильназ, Нұрғали Аружамал осы оқушыларды ұсынғым келеді. Мен  көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларды ұсынар едім.

3. Пухова С.Г., кәсіподақ төрағасы: Иә, менде қосыламын. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасы балалары Майский Владимир мен Мәлік Аманды бұл тізімге қосар едім. Себебі бұл оқушылардың екі ата-анасы да жұмыс істемейді. Осы аталған оқушыларға да берілсе деп ұсынамын.

4. Сапарова А., ата-аналар комитетінің төрағасы: Осы тізімге 8-сынып оқушысы Ермуханбетов Адильханды да қоссақ дегім келеді. Жалғыз басты ана, бір ұл бала мен бір қызы бар. Көшім амбулаториясыңда жұмыс істейді.

5. Әлеуметтік педагог Умирова А. М.: Аталған оқушылардың әлеуметтік жағдайына толықтай сипаттама беріп өтетін болсам:

 

Оқушылардың аты-жөні

Сыныбы

Ата-анасының аты

Санаты

1

Берік Дильназ Қобландықызы

Медеуова Айгуль Калеловна

көп балалы отбасы

2

Нұрғали Аружамал Арыстанбекқызы

Сакипова Алия

көп балалы отбасы

3

Майский Владимир Александрович

Майская Татьяна

аз қамтылған отбасы

4

Мәлік Аман Ержанұлы

Давлетова Шолпан

аз қамтылған отбасы

5

Ермуханбетов Адильхан Сертанович

Билялова Алмагуль

аз қамтылған отбасы

 

 

Шешім:

  1. Мектеміздің әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан 5 отбасына планшеттер берілсін. Олар: Берік Дильназ, Нұрғали Аружамал, Майский Владимир, Мәлік Аман, және Ермуханбетов Адильхан.
  2. Ата-аналармен келісім-шарт пен акт жасап, оқушыларға беру керек.

 

 

 

 Комиссия төрағасы:                             Есенғалиева Н.Т.

Комиссия мүшелері:                             Пухова С. Г.

                                                                Сапарова А.

                      Хатшы:                             Умирова А. М.

 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
 
 
 
Пожаловаться на сайт