Адрес: 090606 Западно-Казахстанская область, Зеленовский район, пос. Кушум, ул. Школьная,1. 

Телефоны:         8 7113 092 7618 7113 092 761

 
 

Сагынгалиева А.К.

Пәні : қазақ әдебиеті

Сыныбы: 11

Тақырыбы: Б.Майлин өмірі. «Шұғаның белгісі».

Мақсаты:               Білімділік: оқушыларды қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы

Б.Майлиннің өмірі, шығармашылығымен

таныстыра отырып білімдерін кеңейту,

шығарманың мазмұнын толық білу, идеямын

ашу;

                              Дамытушылық: жазушының жанр шеберлігінде жеткен

жетістіктерін тану, шығарманы оқыта

отырып, іздендіру, танымдық қабілеттерін

жетілдіру;

                              Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа,

мейірімділікке тәрбиелеу, бауырмалдыққа баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, іздендіру, ойтолғау, пікір алмасу.

Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: портрет, шығармаларынан көрме, электронды

оқулық, компьютер, интерактивті тақта, оқулық, хрестоматия

Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі, ағылшын тілі, сурет

Сабақтың барысы:                І Ұйымдастыру бөлімі.

                                                   а) оқушылармен амандасу, түгелдеу;

                                                  ә) оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ  Үй тапсырмасын тексеру.

1920-60 жылдардағы қазақ әдебиеті

1-топ ақындар өлеңдерін, шығармаларын оқиды

2-топ тақырып бойынша тест сұрақтарын дайындайды.

Жаңа сабақ

  1. Ой қозғау
  • Балалар, проза дегеніміз не? Оны ағылшынша та.
  • Проза (лат. prosa- қара сөз)-қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман)
  • Хикаят дегеніміз не? Ағылшынша ата.
  • Хикаят-эпикалық проза жанрының бір түрі. Эпикалық баяндау түрі мен жанрлық ерекшеліктері арқылы дараланатын шағын прозалық шығарма. Хикаятқа оқиға тізбегін баяндау, хроникалық әңгімелеу тәсілі тән.
  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Бейімбет Майлин өмірін хронологиялық кесте арқылы түсіндіремін.

Мерзімі

Болған оқиғалар

1894 жыл

Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы

Майлин бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде туған.

1910-1912 жылдар

Көрші ауылдағы Әбдірахман Арғынбаев дегеннің медресесінде екі жыл оқиды.

1913-1914 жылдар

Тройцкідегі «Уазифа» мектебінде, одан кейін Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияда оқиды. Медреседе оқып жүріп, «Садақ» атты қолжазба журнал шығарысады. Осы журналдың 1914 жылғы үш санында прозалық туындысы «Шұғаның белгісін» жариялайды.

1915 жыл

Тройцк қаласына келіп, «Айқап» журналында қызметте жүрген М.Сералин, С.Торайғыровпен танысады.

1916-1919 жылдар

 Ауыл жастарын ұстаздық етеді.

1919-1921 жылдар

Ауылдағы Кеңес жұмысына аралаласады.

1922 жыл

С.Сейфуллинннің шақыруымен Орынборға келіп, баспасөз қызметіне кіріседі.

1923 жыл

Қостанай қаласына барып, «Ауыл» деген жаңа газет шығарысады.

1925 жыл

Қызылордада баспа орындарында әр алуан қызметтер атқарады.

1934-1937 жылдар

«Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы.

1938 жыл

Жазықсыз атылады.

Шығармашылығымен таныстыру

                                      Бейімбет Майлин

                          Поэзиясы

                   Прозасы

Драмасы

Өлеңдер

Поэмалары

Әңгімелері

Повестері

Пьесалары

«Мұсылмандық белгісі», «Мұқтаждық», «Байлыққа», «Мырқымбай», «Қыздың сәлемі» т.б.

«Разия қыз», «Маржан», «Қанай», «Сағындық», «Кемпірдің ертегісі» т.б.

«Кедей теңдігі», «Сары ала тон», «Сексон сом», «Сейіттің сыры»

«Шұғаның белгісі», «Раушан-коммунист»

«Ауыл мектебі», «Неке қияр», «Майдан»

 

  «Шұғаның белгісі» хикятының әр бөліміне ат қою, негізгі оқиғаларға түсінік беру. 1.Қос жолаушы

     2.Бай қызы Шұға сұлу

     3.Кездесу

  1. Учитель Әбдірахман
  2. Ұйғарым
  3. Айнабайдың айласы
  4. Ғашық жүректер
  5. Хат
  6. Жабылған жала
  7. Қоштасу
  8. Айықпас дерт
  9. Соңғы хат
  10. Шұғаның белгісі

 Хикаяттың тақырыбы: әйел теңсіздігі, махаббат.Хикаяттың идеясы: екі жас арасындағы сүйіспеншілік, қоғамдағы әділетсіздікті көрсету.

  1. Түсіну (топтық жұмыс)

Шығарма сюжеті негізінде әр топ мазмұнын қысқаша, нақты айтады.

  1. «Кіріспе» тобы кіріспесіне тоқталады.

Шығарманың басталуы (экспозиция)   Әсем пейзаж. Обашық.

  1. «Негізгі ой» тобынегізгі оқиғасына тоқталады.

Байланысуы (завязка). «Сықырлауықтан сығалаған сұлу қыз», сұлу сезім, Әбдірахманды Шұғаның тұңғыш көруі.

Шиеленісуі, шарықтау шегі (кульминация)  Шұғаның ауруға ұшырауы

  1. «Қорытынды» тобы шешімін айтады.

Шешімі (развязка). Үзілген үміт, соңғы хат.

Электронды оқулықтан хаты оқылады.

Бір оқушы хатты оқулықтан мәнерлеп оқиды.

  1. Сөздікпен жұмыс (тақтада жазылған сөздерді оқи отырып, мағынасына назар аудару).

Обашық- тастан, топырақтан үйіп жасалынған белгі.

Құндақ- зат сынбау, бүлінбеу үшін жасалған қажетті қорап, сауыт.

Басқұр- керегелердің бастарын тартып байлайтын өрнектелген жалпақ бау.

Жосыған- су сияқты сұйық заттардың тез ағуы, сорғалай жөнелуі.

  1. Әдебиет теориясы.

Әр топ шығарма мәтінінен тұрақты тіркестер, портреттерді, көнерген сөздерді тауып дәптерлеріне жазады.

1-топ тұрақты тіркестерді табады.

2-топ портреттерді табады.

3-топ көнерген сөздерді табады.

 6. Ізденіс (проблемалық сұрақтар).

1. Шұғаның өліміне кім кінәлі?

2. Жазушының шешімімен келісесің бе?

3. Бұл күнде Шұға сияқты қыздар бар ма?

4. Бүгінде Әбдірахман секілді жігіттер бар ма?

5. «Заман бұзылды, қыздар әдепсіз болып барады» деген пікірге келісесің бе?

     7.Бекіту. Концептуалдық кестемен жұмыс

Кейіпкер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерлерге баға

Әбдірахман

 

 

Шұға

Жоғары: өмірді бағалайды

 

Төмен: күреспейді

 

Жақсы

 

 

Жақсы

Жоғары

 

 

Төмен

      8.Үйге тапсырма.

  1. «Арманда кеткен асыл-ай» тақырыбында ойтолғау жазу
  2. Венн диаграммасын сызу

   Шұғаны Жамал бейнесімен салыстыру       9.Бағалау Әр топтың оқушыларын өз-өздеріне бағалатып, қорытынды баға қоямын.

 

 

 

 

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 9

Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы

Мақсаты: 1.Бүгінгі өскелең ұрпаққа ақынның кім екендігін, оның
өлеңдерінің тақырыбын, тарихын аша отырып, ақынды тағыда
жаңа қырынан таныту, өлеңдеріне талдау жасату.
2.Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін
айтуға, өз пікірлерін қорғап, ақын поэзиясын насихаттап, әдеби
тілмен сөйлеуге дағдыландыру.
3.Ұлтжандылыққа, батылдыққа, бірлікке, туған жерін, елін сүюге
тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: СТО стратегиялары
Көрнекілігі: Ақынның портреті, тақырыпқа арналған слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, музыка

Барысы:
1.Ұйымдастыру
-Сілеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар.
-Оқушылар назарын сабаққа аудару.

2. Үй жүмысын тексеру
Мұғалім: балалар қазір сендер бір – біріңе «Мен саған, сен маған» ойыны арқылы сұрақтар дайындай қойыңдар.

3.Қызығішылықты ояту.
Ой шақыру стратегиясы.
Мұғалім:
-Қазақ халқының бас бостанығы үшін күрескен кімдерді білесіңдер?
Ол ақынның «Тарланым» деген өлеңі бар. Ол осы өлеңін Исатайға арнаған.
Оқушылар:..........
Мұғалім: Ия, балалар! Туып өскен жерін, қарыс қадам жері үшін басын бәйгеге тіккен М.Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына және оның «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» өлеңдеріне тоқталамыз.

4. Мағынаны тану.
ЖИГСО стратегиясы. (10 минут)
Оқушыларды үй тобына бөлу, содан соң жұмыс тобына жіберіп өмірі мен шығармашылын оқуға беру, әр оқушы өз бөлігін оқиды. Алдын ала мәтін төрт бөлікке бөлінген.



Үй тобы Жұмыс тобы

Тексеруге арналған сұрақтар.
№1
1.Махамбет қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
2.Махамбет пен Жәңгірхан туралы не айтасың?
№2
1.1828-1831ж. Не болды?
2.Хан жасағын кім бастаған?
3.Исатай жасағы кімнің ауылын шауып алып, кімнің ауылын ойрандайды?
4.Исатай қашан қайтыс болады?
№3
1.1840ж. Махамбетті кімдер ұстап алғысы келеді?
2.1841ж Махамбетті тез ұстауға кім бұйрық шығарады?
3.1941ж не болды?
4.Кіші жүздің сұлтаны Арыслан Жанториннің бақылауына неге жіберді?
№4
1. Генерал – губернатор не деп жар салды?
2. Махамбетті кім өлтірді?
3. Қай жылы, неше жасында қайтыс болды?

(Слайд Махамбет Өтемісұлы)
2.Мұғалім:Ақын өлеңдері бойыңа жігер, рух, күш, жалынды қайрат береді, алға қойған мақсат үшін күресе білуге шақырады.
(Слайд Махамбет кім болған?)
Оның көптеген күйлері бар.(слайд көрсету)
Мұғалім: Балар қазір сендер Махамбет Өтемісұлының күйін тыңдай отырып мынадай тапсырмалар орындайсыңдар. (слайдтан көрсету)
1- топқа тапсырма.
1) «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін мәнерлеп оқып,идеясын айт.
2) Өлеңнен сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарды тап.
Жауабы. 1.Мәнерлеп оқиды. Бұл өлеңде ақын тек халқына рух беріп,намысын қайрап, күреске шақырады.
2. Сөз тіркестері:ереуіл ат,егеулі найза,алты малта ас,тебінгі жер,түн қатып

2- топқа тапсырма.
1) «Мұнар күн» өлеңін мәнерлеп оқы.Өлеңде ақын не туралы айтқан?
2) Ақын өлеңдерінде жиі кездесетін сөздерді тап.
Жауабы. 1. Мәнерлеп оқиды.Ақынның Исатай өліміне арнаған мұң мен өкінішке толы элегиясы
2.Жиі кездесетін сөздер:мырза,ер,оқ,қылыш,дұшпан т.б
Мұғалім: Әр топтан бір оқушыдан шығып өз тапсырмаларын тақтада орыдайды.
Ә) Тіл дамыту үшін.
Мұғалім: М.Өтемісұлы елін, жерін қорғаған, батыр болған екен. Қазір біз сіздермен сергіту мақсатында батырлық, туған жер туралы мақал – мәтелдер жазылған семантикалық картамен жұмыс істейміз. Ішінен ұнаған біреуінің мағынасын ашып беру.
(Күй жіберіп қою)
Ол үшін арнайы дайындалған семан-тикалық карталарды әр-топқа бір-бірден үлестіріп беремін де, берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тапқызамын.
Мақалдар Көлінен безген қаз оңбас. Ер үйірін сағынса, айыл-тұрман тағынар. Өз жеріңдей қайда бар. Сайының тасы болайын.
Пәлен жерде пайда бар, +
Өз елімнің басы болмасам да, +
Елінен безген ер оңбас, +
Ат үйірін сағынса, Артқы аяғын қағынар. +
Семантикалық карта №1
Семантикалық карта №2
Мақалдар Би басына дау келсе, билігі кетер басынан. Құс жаңылып торға түсер. Ер жарасыз болмас. Шешен тар жерде сөз бастайды.
Ел шарасыз болмас, +
Батыр мың қол бастайды, +
Ер басына дау келсе, ерлігі кетер басынан. +
Ер жаңылып қолға түсер, +

Мұғалім: Балалар Махамбет: «Өтемістен туған он едік
Онымыз атқа қонғанда,
Жер қайысқан қол едік» - деп жырлаған екін.
Қазір слайдқа көңіл аударып Өтемістің он ағайынының есімдерін көрулеріңе болады. (слайд көрсету)
Өтемістен туған он: Бекмағанбет,Махамбет,Тоқтамыс,Қожахмет,Ыбырайым,Әйіп,Хасен,
Ысмайыл, Сүлеймен,Досмайыл.

5. Ой толғаныс
РАФТ стратегиясы
Роль –Махамбет
Автор – оқушылар
Факт – жолдау
Тақырып – Еліміздің өркендеуіне Махамбет сияқты қандай үлес қосар едің
«Желтоқсан желі» өлеңін тыңдату.
Мұғалім:Тарих беттерін парақтасақ сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама тер төгілді, қаншама адам құрбан болды. Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батырлар мерт болды. Бұл арпалыс бір жыл, бір мезет емес талай ғасырларға созылған. Балалар алдымызда келе жатқан Тәуелсіздігіздің 20 жылдығы мен барлықтарыңызды құттықтаймын. Осы Тәуелсіздікке жету үшін қаншама қиындықтардан өттік. 20 жыл бұрын желтоқсан оқиғасына арналған өлеңге назар аударыңыздар. Осы жастар сияқты сендерде елімізге қандай үлес қосар едіңдер. Енді сендер қазір бірге отырып шағын жолдау жаза қойыңдар.

6. Автор орындығы стартегиясы
Мұғалім:Топтарыңнан ең ұнағанын таңдап алып , тақтаға шығып оқи қойыңдар.

Мұғалім: Фариза Оңғарсынованың өлең жолымен сабағымды аяқтағым келеді.
Махамбет
Махамбет...
Білмеймін жел ме,сел ме
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме?

7.Бағалау: Оқушыларды бағалау

8.Үйге тапсырма: әр топ өздеріне берілген өлеңдерін жаттау.

 

 

 
Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
 
Ақпарат

 «Көшім ЖОББМ-балабақша» КММ-нің

Бәйтерек аудандық білім бөлімінен

берілген планшеттерді

оқушыларға бөлу жөніндегі

комиссия отырысының

 

 

Күні: 12.10.2020

 

Хаттамасы

 

Күн тәртібінде: Көшім ЖОББМ-балабақшасының  Бәйтерек аудандық білім бөлімінен берілген планшеттерді мектептің әлеуметтік қорғалмаған отбасыларының оқушыларына  бөліп беру.

 

Тыңдалды:

 

1. Әлеуметтік педагог Умирова А.М.: Сәлеметсіздер ме, құрметті комиссия мүшелері. Бүгінгі жиналып отырған мәселе қашықтықтықтан оқытуға байланысты Бәйтерек аудандық білім бөлімінен берілген 5 планшеттерді мектебіміздің әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларына үлестіріп беру. Қазіргі таңда 5  отбасының 5 оқушысы осы жанатқа жатады. Бұл тізім алдарыңызда көрстілген. Осы оқушылардың ішінен саралап, қажеттіліктерін ескеріп, отбасы жағдайына қарап 5 оқушыға планшеттерді бөліп беруіміз қажет.

2. Есенғалиева Н.Т. тәрбие ісі жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі: Мына тізімде ең алдымен көпбалалы оқушыларды қарастыру керек деп ойлаймын. Мысалы, Берік Дильназ, Нұрғали Аружамал осы оқушыларды ұсынғым келеді. Мен  көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларды ұсынар едім.

3. Пухова С.Г., кәсіподақ төрағасы: Иә, менде қосыламын. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасы балалары Майский Владимир мен Мәлік Аманды бұл тізімге қосар едім. Себебі бұл оқушылардың екі ата-анасы да жұмыс істемейді. Осы аталған оқушыларға да берілсе деп ұсынамын.

4. Сапарова А., ата-аналар комитетінің төрағасы: Осы тізімге 8-сынып оқушысы Ермуханбетов Адильханды да қоссақ дегім келеді. Жалғыз басты ана, бір ұл бала мен бір қызы бар. Көшім амбулаториясыңда жұмыс істейді.

5. Әлеуметтік педагог Умирова А. М.: Аталған оқушылардың әлеуметтік жағдайына толықтай сипаттама беріп өтетін болсам:

 

Оқушылардың аты-жөні

Сыныбы

Ата-анасының аты

Санаты

1

Берік Дильназ Қобландықызы

Медеуова Айгуль Калеловна

көп балалы отбасы

2

Нұрғали Аружамал Арыстанбекқызы

Сакипова Алия

көп балалы отбасы

3

Майский Владимир Александрович

Майская Татьяна

аз қамтылған отбасы

4

Мәлік Аман Ержанұлы

Давлетова Шолпан

аз қамтылған отбасы

5

Ермуханбетов Адильхан Сертанович

Билялова Алмагуль

аз қамтылған отбасы

 

 

Шешім:

  1. Мектеміздің әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан 5 отбасына планшеттер берілсін. Олар: Берік Дильназ, Нұрғали Аружамал, Майский Владимир, Мәлік Аман, және Ермуханбетов Адильхан.
  2. Ата-аналармен келісім-шарт пен акт жасап, оқушыларға беру керек.

 

 

 

 Комиссия төрағасы:                             Есенғалиева Н.Т.

Комиссия мүшелері:                             Пухова С. Г.

                                                                Сапарова А.

                      Хатшы:                             Умирова А. М.

 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
 
 
 
Пожаловаться на сайт