Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Адрес: 090606 Западно-Казахстанская область, Зеленовский район, пос. Кушум, ул. Школьная,1. 

Телефоны:         8 7113 092 7618 7113 092 761

 
 

Мусагалиева А.Т.

Сабақтың тақырыбы: Салауаттану – болашағыңды сәулелендіру

Сабақтың мақсаты: балаларға адам денсаулығының қымбаттылығын,  өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Балаларымызды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болуы үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуының қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын үйрету.

Қолданылатын көрнекіліктер: сөз жұмбақ, күн макеті, гүлдер, буклеттер, қанатты сөздер («Дені саудың жаны сау» «Денсаулық кепілі - салауаттылық»)

Жүру барысы:           

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

І топ «Салауаттылық»

ІІ топ «Болашақ»

ІІІ топ «Сәулеленген өмір»

Мұғалім: «Бірінші байлық - денсаулық» деп жайдан жай айтылмаған. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласын,ың днесаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы тіршілікте салауатты өмір салтын ұстануда, салауатты өмір кешумен байланысты.

Салауаттылық – адам тіршілігіндегі күнделікті өміріндегі қимыл-әрекет, тамақтану, ойлау, әдет, құмарлық, тұрмыстық қарым-қатынас, қимыл-әрекеттер жүйелерінің жиынтығы.

Ал салауатты өмір – жоғары саналы адамгершілік өмір, салауатты салт-сананың жоғары көрінісі. Сондықтан адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы ең алдымен салауатты өмір салтына қалыптастыру бүгінгі күннің жауапты парызы деп санаймын. Себебі ол – адам денсаулығының мықты тірегі. Сондықтан да балалар, біз салауатты өмір салтын ұстануымыз керек. Болашақтың иелері сендер болсаңдар, салауаттану келешегімізді сәулелендіру екенін ұғынайық.

 Бүгінгі тәрбие сағатындаосы үш топ арасында «Тіршіліктің көзі – салауатты болашақ» тақырыбында сайсамыз.

 

1 – бөлім «Таныстыру»

I топ - «Салауатттық»

Ұраны: «Денсаулық кепілі - салауаттылық».

ІІ топ – «Болашақ»

Ұраны: «Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында».

Еліміздің жалғасы – біздер. Сондықтан біз еліміздің салауатты болашағы болғымыз келеді.

ІІІ топ - «Сәулеленген өмір»

Ұраны: «Денсаулығы ғаламның – денсаулығы адамның».

Салауатты өмір салтын ұстансаң, өзіңнің болашағыңды, өміріңді сәулелендіресің. Сондықтан біз тобымызды «Сәулеленген өмір» деп атадық.

 

 

2 –бөлім

Денсаулыққа байланысты өлеңдер оқылады.

1 – оқушы: денсаулық – ол шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

2 – оқушы: денсаулық – ол күлуің

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық –ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

3- оқушы: жан сезімін өзінің –

Көңіл-күйін сезімін.

Денсаулыққа жағымды

Көңіл шат, қуаныш

Сезімді рахат, жұбаныш.

4 – оқушы: біз – жүрекпіз өмір үшін соғатын,

Біз - өмірміз күнде көктеп толатын.

Біз – елміз, кіндігіміз ауылдың,

Күн сөнгенше сарқылмас қазынамыз.

5 – оқушы: Ғани Мұратбаев мектебінің жастары

Бүгін міне тамаша іс бастады.

Салауатты өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

 6 – оқушы: Ұрпақ керек ертіңгі алда,

Болашақты болжайтын

Дені таза, тәні таза,

Елін, жерін қорғайтын!

 

3 – бөлім

Денсаулыққа байланысты мақалдар жалғасын табу

І топ:

  1. Денсаулыққа - ... (зор байлық)
  2. Тәні саудың - ... .(жаны сау)
  3. Емнің алды - ... .(еңбек)
  4. Тазалық – саулық негізі, (саулық – байлық негізі)
  5. Шынықсаң - ... .(шымыр боларсың)

ІІ топ:

  1. Ас тұрған жерде ... .(ауру тұрмас)
  2. Ас – адамның ... .(арқауы)
  3. Денсаулықтың  ...тазалық (кепілі)
  4. Жаным арымның ... . (садағасы)

ІІІ топ:

  1. Ауру мен ... араз (тазалық)
  2. Ас тұрған жерде ... тұрмайды.(ауру)
  3. Ішін ... аузыңды тый(ауырса)
  4. Жарлының байлығы - ... саулығы (денінің)

 

4 – бөлім

Мағынасын ашу.

І топ: «Салауатты өмір салты».

ІІ топ: «Денсаулық – зор байлық».

ІІІ топ: «Өмірің өз қолыңда».

 

5 – бөлім

«Шынықсаң шымыр боласын» дене жаттығуларын жасаудан сайыс өткізіледі.

  1. Жерден денені көтеру
  2. Отырып тұру
  3. Шеңбермен жарыс
  4. Гимнастика

 

6 – бөлім

         «Денсаулық» сөз жұмбағын шешу

  1. ... саудың жаны сау
  2. Ауырып ем іздегенше,

Ауырмай жол ізде.

  1. ... шымыр боласын
  2. ... болашағыңды сәулелендіру
  3. ... мен тазалық араз
  4. Темекі ...
  5. Таза сөзінің антонимі
  6. ... денсаулық кепілі
  7. Бірінші ... денсаулық

 

7 – бөлім

Сұрақ – жауап

  1. Зиянды әдеттерге не жатады?
  2. Адамға ең қажетті нәрселер не?
  3. Күн режимін сақтайсың ба?
  4. Тіс ауырғанда қандай ауруға шалдығады?
  5. Тіс дәрігері қалай аталады?
  6. Денсаулықты дегенді қалай түсінесің?
  7. Жарақаттану деген не?
  8. Жеке бас гигиенасының түрлерін ата.
  9. Қан тоқтату үшін қолданылатын дәріні қалай атайды?

10)Көзің ауырса тиым салатын дене мүшесі?...

 

 

 

 

Қорытынды.

Мұғалім: Денсаулық кепілі – ұқыптылық, тазалық, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу. Сондықтан да «Денсаулық – зор байлық» деген мақалдың мәні осында жатса керек. Басты байлығымызды қорғайық. Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулық кепілі – салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағамызды сәулелендірейік!

.

 

 
Объявление от Asia.kz:
Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы

Картриджи, тонер, принтеры, расходные материалы по низким ценам

 
 
Ақпарат

 «Көшім ЖОББМ-балабақша» КММ-нің

Бәйтерек аудандық білім бөлімінен

берілген планшеттерді

оқушыларға бөлу жөніндегі

комиссия отырысының

 

 

Күні: 12.10.2020

 

Хаттамасы

 

Күн тәртібінде: Көшім ЖОББМ-балабақшасының  Бәйтерек аудандық білім бөлімінен берілген планшеттерді мектептің әлеуметтік қорғалмаған отбасыларының оқушыларына  бөліп беру.

 

Тыңдалды:

 

1. Әлеуметтік педагог Умирова А.М.: Сәлеметсіздер ме, құрметті комиссия мүшелері. Бүгінгі жиналып отырған мәселе қашықтықтықтан оқытуға байланысты Бәйтерек аудандық білім бөлімінен берілген 5 планшеттерді мектебіміздің әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларына үлестіріп беру. Қазіргі таңда 5  отбасының 5 оқушысы осы жанатқа жатады. Бұл тізім алдарыңызда көрстілген. Осы оқушылардың ішінен саралап, қажеттіліктерін ескеріп, отбасы жағдайына қарап 5 оқушыға планшеттерді бөліп беруіміз қажет.

2. Есенғалиева Н.Т. тәрбие ісі жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі: Мына тізімде ең алдымен көпбалалы оқушыларды қарастыру керек деп ойлаймын. Мысалы, Берік Дильназ, Нұрғали Аружамал осы оқушыларды ұсынғым келеді. Мен  көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларды ұсынар едім.

3. Пухова С.Г., кәсіподақ төрағасы: Иә, менде қосыламын. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасы балалары Майский Владимир мен Мәлік Аманды бұл тізімге қосар едім. Себебі бұл оқушылардың екі ата-анасы да жұмыс істемейді. Осы аталған оқушыларға да берілсе деп ұсынамын.

4. Сапарова А., ата-аналар комитетінің төрағасы: Осы тізімге 8-сынып оқушысы Ермуханбетов Адильханды да қоссақ дегім келеді. Жалғыз басты ана, бір ұл бала мен бір қызы бар. Көшім амбулаториясыңда жұмыс істейді.

5. Әлеуметтік педагог Умирова А. М.: Аталған оқушылардың әлеуметтік жағдайына толықтай сипаттама беріп өтетін болсам:

 

Оқушылардың аты-жөні

Сыныбы

Ата-анасының аты

Санаты

1

Берік Дильназ Қобландықызы

Медеуова Айгуль Калеловна

көп балалы отбасы

2

Нұрғали Аружамал Арыстанбекқызы

Сакипова Алия

көп балалы отбасы

3

Майский Владимир Александрович

Майская Татьяна

аз қамтылған отбасы

4

Мәлік Аман Ержанұлы

Давлетова Шолпан

аз қамтылған отбасы

5

Ермуханбетов Адильхан Сертанович

Билялова Алмагуль

аз қамтылған отбасы

 

 

Шешім:

  1. Мектеміздің әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан 5 отбасына планшеттер берілсін. Олар: Берік Дильназ, Нұрғали Аружамал, Майский Владимир, Мәлік Аман, және Ермуханбетов Адильхан.
  2. Ата-аналармен келісім-шарт пен акт жасап, оқушыларға беру керек.

 

 

 

 Комиссия төрағасы:                             Есенғалиева Н.Т.

Комиссия мүшелері:                             Пухова С. Г.

                                                                Сапарова А.

                      Хатшы:                             Умирова А. М.

 
Реклама:
Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
 
 
 
Пожаловаться на сайт